Саяси жұлдызнама: Әкімдер корпусы жайлы мамандар не дейді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада оқырман назарына Үкімет мүшелерінің жұлдызнама белгілерін ұсынып, олардың айрықша қырлары мен ерекшеліктерін таныстырған едік. Кімнің шаруашылыққа мығым, ал енді кімнің ақшаға жақын екенін баяндап, келіссөзге шебер жұлдызнама белгілерін де атадық. Ал бұл жолы облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерінің жұлдызнама белгілеріне үңілуге тырыстық.
Әкім орынтағында мінезі, темпераменті және басшылық жасаудағы стилі әртүрлі 20 тұлға отыр. Олардың ішінде 2 тоқты, 5 торпақ, 1 егіздер, 1 шаян, 2 арыстан, 4 бикеш, 1 таразы, 1 сарышаян, 2 мерген және 1 балық.
«Бір қызығы, облыстар мен үш мегаполистің әкімдері арасында бірде-бір тауешкі мен суқұйғыш жоқ. Айта кетерлігі, біз тауешкі дәуірінен суқұйғыш дәуіріне көшудің қызықты кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Демек, бұл белгілердің өкілдері билікте көбірек болады», - дейді кәсіби астролог Ирина Әбдрайымова.
Егер суқұйғыштар дәстүрлі қорғаушы әрі заңды сақтаушы болса, ал суқұйғыштар – олар төңірегіндегілерге шығармашылық еркіндік пен тәуелсіздік идеялар рухын әкелетін жаңашыл әрі генератор. Суқұйғыштар дәуірінде басқару стилі өзгереді. Ендігі уақытта адамдарды қамшылап отырып жұмыс істеуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Оларды шабыттандыруға, ынталаныруға және келісімге баруға тура келеді.
Сонымен өңір әкімдерінің жұлдызнама белгілері мынадай:
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – сарышаян.

Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықбаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – бикеш.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – балық.

Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов 1979 жылы 29 шілдеде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – арыстан.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 1964 жылы 19 шілдеде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – шаян.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1967 жылы 31 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тоқты.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев 1975 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – бикеш.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов 1965 жылы 24 тамызда дүниеге келген Жұлдызнама белгісі – бикеш.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – таразы.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев 1967 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – арыстан.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 1978 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – мерген.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – егіздер.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – тоқты.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – торпақ.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 1962 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – мерген.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Жұлдызнама белгісі – бикеш.

Торпақ пен сарышаян ақша белгілері болып саналады. Егер торпақ қаражатын шашау шығармай жинап, депозиттерге көбейтсе, ал сарышаян өзгелердің қомақты қаражатын айналымға, инвестициялап, тәуекелге барудан да тартынбайды. Бір қызығы, үш мегаполистің де әкімдері дәл осы жұлдызнама белгілерінің өкілдері.
«Әкімдер белгілі бір аумақты басқарады. Соған орай олар – шаруақор. Бұл сипаттамаға тоқты сәйкес келеді. Шындығында, осы белгімен дүниеге келгендер бақылауды және тексеруді ұнатпайды. Ең дұрысы, қала басшысы мәртебесі торпақ, бикеш және сарышаянға өте қолайлы. Әкімдер еңбекқор, табанды, шыдамды болуы тиіс. Торпақ, бикеш, тауешкі және суқұйғыш осындай қасиеттерге ие. Олар мақсатты көре біледі және кедергілерді байқамайды. Ең шыдамды және төзімділер – тауешкі, торпақ, бикеш және сарышаян. Егер оларға мансап жолында өсуіне уәде берілсе, олар шетке шығып, өздерінің жұлдызды сағаттарын үнсіз күтеді. Олар асықпайды, ашуланбайды. Өз мақсаттарын көріп, оған қарай шыдамдылықпен ілгерілейді. Бұл нағыз басқарушыны сипаттайды», - деді Ирина Әбдірайымова.
Дегенмен тоқтылар өздерінің қызба мінезінің кесірінен сыни жағдайларда көңіл күйін басқара алмай қалып, «шоқ» басуы мүмкін. Ал торпақ керісінше төтенше проблемалардың өзінің сабырлы реакциясы арқылы оңай еңсереді. Торпақтардың ырғағы мен қарқыны бар, ал проблеманы шешуді жиі кейінге ысырады. Өздерін жайлы ортадан шығармайтын дүниелермен ғана айналысады. Бикештер ұсақ-түйекке де ерекше назар аударады. Бірақ проблеманың ауқымдылығын не болмаса жүйелілігін ескерместен ұсақ-түйекпен айналысуға тым бейім. Олар өзінің шаруашылығын тәртіпке келтіруге қабілетті. Алайда үлкен жобаларда стратегиялық менеджмент қолынан келмейді.
Бикештерде ұзақмерзімді тиімді жоспар түзуде қиындықтар туындайды. Сарышаян – қарама-қайшылыққа толы әрі жұлдызнамалардың өзге белгілері арасында жындылығымен ерекшеленетін белгі. Оның жан-дүниесінде не болып жатқанын ешім білмейді. Өзінің жоспарлары мен ниетін мұқият жасырады әрі эмоция жинайды. Сондықтан да қызметкерлерге «оқ-дәрі бөшкесіндегідей» жағдайға көнуіне тура келеді. Ал тауешкі өзінің құрбанын жылдар бойы күтуге қабілетті. Абырой болғанда, 20 әкімнің ішінде ондай басқарушы жоқ.
Егіздер кертартпа жұмысты жаны қаламайды. Сондықтан күнделікті жиналыстар мен есеп берулерді ұнатпайды. Ал әңгімелесуге және байланыс орнатуға деген қабілеті одан өте жақсы делдал, келіссөзші және саудагер шығады. Бірақ егіздер өзгенің құпиясын сақтай алмайды.
Ал таразылар туа біткен дипломаттар әрі стратегтер. Олар тартымды әрі өзгенің көңіл күйін дөп басатын қасиетке ие. Дегенмен маңызды шешім қабылдау кезінде жиі құбылады.
Жұлдызнама белгілерінің ішінде шаян өзінің отансүйгіштігімен ерекшеленеді. Бұл белгіні Ай басқарып, адамды туған жерімен байланыстарады. Мұндай адамдар көшіп-қонғанды және ұзаққа созылатын іссапарларды ұнатпайды. Қызметтік мансабын туған жерінде құрғысы келеді. Олар көбіне тұйық болып келеді, көпшіліктің алдында сөз сөйлеуден тартынады.
«Шаян – өте эмоциналды әрі сезімтал жұлдызнама белгісі. Егер оған дөрекілік танытса, өтінішін жазып, жұмыстан шығып кете береді. Адамдарды басқару үшін түрлі жағдайларда шыдамды болу қажет. Сондықтан да шаяндардан жақсы әкім шыға қоюы неғайбіл», - деді астролог.
Астрологтың атап өтуінше, еліміздің басшылық құрамы арасында жұлдызнама шеңберін тұйықтайтын суқұйғыштар пен балықтар өте аз. Олар еркіндікті жақсы көруімен, әлемге басқаша қарауымен ерекшеленеді. Сондықтан да олар билікке ұмтылмайды. Балықтар бейбітшілік, бірлік, қайырымдылық, бірыңғай дін орнаған кезде ғана елдің немесе қаланың тізгінін ұстауы мүмкін.
«Саясаткерлердің арасында жоғары биліктегі арыстандар өте аз. Саяси ойын – үлкен дипломатия, жағына білу керек. Ал арыстандар – тазалықты жақсы көреді. Оларға өздерінің атына айтылған мадақ одалары ұнайды. Дәл осы қасиеттері оларды жиі жарға жығып жатады. Сондықтан да олар белгілі бір сатыға жеткеннен кейін ары қарай барлығына деген қызығушылығын жоғалтады», - деді Ирина Әбдірайымова.