Саяжайда болған өрт екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Кеңсай-2 шағынауданындағы саяжайда тұрғын үйдің 40 шаршы метр аумағы отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Саяжайда болған өрт екі адамның өмірін қиып кетті

Өрт 6,5 сағаттан кейін толық сөндірілді. Оны ауыздықтауға қалалық ТЖД жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы тартылды. Өрт болған жерден 46 жастағы әйел мен тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ осы күні Рудный қаласында кешқұрым  5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт болды. Жалын жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Қостанай облыстық ТЖД  жеке құрамының 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт орнынан 79 жастағы әйелдің мүрдесі табылды.