Саяжайға шыққан алматылықтар көлік кептелісіне тап болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар қала сыртындағы саяжайларына кете бастағандықтан көшеде көлік кептелісі болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяжайға шыққан алматылықтар көлік кептелісіне тап болды

Алматы көшелерінде тіркелген көлік кептелісінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жариялануда.


Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі, бүгін мегополистегі үлкен көлік кептелісі болғанын растады.

«Негізінен көлік кептелісі екі бағытта байқалды. Батысқа қарай, Жандосова көшесі мен жоғарғы Құлжа трассасында. Қазір көлік саны азайды. Жол ашылды. Айта кететін жәйт. Жолаушылары бар бір көлікті тексеруге белгілі бір уақыт кетеді «, – деп түсіндірді полициядағылар.

Еске салайық, ұзақ карантиннен кейін алматылықтарға қала сыртындағы саяжайларына баруға рұсат етілді.

Сондай-ақ, қала әкімінің бірініші орынбасары Ерлан Қожағапанов алматылықтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

«Ең алдымен саяжайға баратын адамның қолында меншігін растайтын заңды құжаты болуы керек. Содан кейін ол жаққа өзін қосқанда үш адам ғана бара алады. Міндетті түрде медициналық маска тағып, қолында антисептик болуы шарт. Сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса саяжай аумағынан шығуға болмайды. Қонақ шақыруға тыйым салынады»,– деді Ерлан Қожағапанов.

Бұған дейін, аулада және саяжайға барғанда қандай ережелерді ұстану керектігін хабарлаған болатынбыз.