Саяжайлар қыс мезгілінде тұруға арналмаған - ТЖД

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяжайлардағы өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Елорда әкімдігінде өткен брифингіде Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Біз саяжайлардың қыс мезгілінде тұруға бейімделмегенін түсінеміз. Ондағы электр сымдары уақытша әрі жылы кезеңдерге арнап жасалған. Үйлердің қабырғалары да өте жұқа. Оны жылыту үшін тұрғындар пештерге шамадан тыс отын салады. Ал пештер қатты ыстық температураны көтере алмайды. Бұл өз кезегінде өрт шығу қаупін арттырады. Сондықтан, саяжайларда тұратын адамдарға мұржаның сыртқа шығатын маңайын жанбайтын, отқа төзімді кірпіштерден салуды ұсынамыз. Бұдан өзге, пешті ашқан уақытта оның алдына көмір шоқтары түседі. Осыған байланысты еденге жанбайтын материалдардан жасалған төсеніш қойылуы тиіс», - деп ескертті басқарма басшысы.

Еркін Отарғалымұлының ақпаратынша, елордада аумағында 10 мыңға жуық саяжай бар. Оның басым бөлігінде қыс мезгілінде адамдар тұрады.


Соңғы жаңалықтар