«Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа үндеуі қабылданды

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат. Бүгін Астанада өткен «Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар» атты дөңгелек үстелге қатысушылардың сарапшы қоғамдастыққа үндеуі қабылданды. ҚазАқпарат үндеудің мәтінін жариялайды.

«Сайлау 2012: рейтингтер мен болжамдар»

атты дөңгелек үстелге қатысушылардың

сарапшы қоғамдастыққа үндеуі

2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлауды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, ашық та әділ бәсекелестікпен өткізу - бұл еліміздегі демократияны одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Осыған байланысты біз сайлау науқанына қандай да бір дәрежеде қатысатын сарапшы қоғамдастыққа үндеу жолдаймыз.

1. Сайлау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау.

«Сайлау туралы» ҚР Заңының 27-бабы 9-тармағы бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалдамаларының нәтижелерін жариялау кезінде сақталуы тиіс нормалар көзделгені белгілі. Атап айтқанда, сауалдама жүргізген ұйым, тапсырыс берген және ақысын төлеген адамдар, ақпарат жинау әдісі, сұрақтық нақты тұжырымдамасы, сұрақ берілгендер саны мен сауалдама нәтижелерінің қателік коэффициенті міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікір сауалдамасының нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға қатысты өзге де зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты сайлауға дейінгі бес күннің ішінде жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе сайлау пунктінде қоғамдық пікірді сұрауға тыйым салынады.

2. Сайлау процесін әлеуметтанулық сүйемелдеу ғылымилық, кәсіби шеберлік және ашықтық принциптері негізінде жүзеге асырылуы керек. Тек сол кезде ғана өз жұмысымыздың нәтижелеріне деген сенім деңгейін қамтамасыз ете аламыз.

3. Ынтымақтастық, сайлау процесінің барлық субъектілеріне деген өзара сыйластық пен сенім атмосферасын құруға ықпал ету керек. Сайлауға жұмылдырылған сарапшылар, әлеуметтанушылар, саяси технологтар бірінші кезекте сайлаушының құқығын сыйлауға тиіс, ол ашықтық, объективтілік және ақпаратқа қол жетімділік жағдайында іске асырылуға тиіс.

Сарапшы қоғамдастықтың жоғарыда аталған нормалар мен принциптерді сақтауы әділ де ашық сайлау өткізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Астана қаласы, 2011 жылғы 7 желтоқсан

Соңғы жаңалықтар