САЙЛАУ-2015: Астанада ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабы ашылды

Ә.Құсайынов республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламанды таныстырды, ол өз кезегінде штабтың таяудағы кезеңдегі жұмыс жоспары туралы баяндады.
«ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Қ. Құсайыновтың штабы жұмысын бастады. Біздің алдымызда өте көп жұмыстар тұр, Президенттікке кандидаттан көптеген тапсырмалар алдық.
Біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа және электронды БАҚ арқылы үгіт науқанын өрістететін боламыз, әртүрлі салаларда сайлаушылармен кездесуіміз қажет.
Біз қазір халық сенген өкілдермен үлкен жұмыс әзірлеп жатырмыз, олар біздің кандидаттың тұғырнамасын әрбір сайлаушыға жеткізіп, барынша көп адамды қамтуы қажет», - деп атап өтті Р.Жоламан.
Ағымдағы жылдың 26 наурызынан 24 сәуірге дейінгі үгіт жұмыстары кезеңінде республикалық және өңірлік штабтар бірқатар ұйымдастыру шараларын жүргізуді, соның ішінде аймақтардағы сайлаушылармен кездесуді, халық сенген өкілдермен кездесулер, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауалды үгіт жұмысын жүргізу жоспарлануда.
Р.Жоламанның атап өтуінше, штаб үгіт жұмыстарын жоспарлады, көптеген кездесулер өткізіледі. Атап айтқанда, бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтардың қызметкерлерімен кездесулер белгіленіп отыр. Қазақстанның барлық өңірлерінде сайлауалды штбатар құрылды, халық сенген өкілдер тіркелді. Әрбір ауданда ел заңнамасында көзделген үгіт шараларының бүкіл кешенін өткізу қарастырылуда.
Штабтың ашылуы кезінде Ә.Құсайынов сайлауалды бағдарламадағы көтерілген мәселелердің өзектілігін және осы келеі проблемаларға қоғамның назарын аудару қажеттігін атап өтті.
Атап айтқанда экологияны сақтау мәселелері.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың тұрғырнамасының басты мақсаты адамды дамыту тұрғысынан экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндетттерін қарастырады, мұндай экологиялық аспектілерге көшуде өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелерін де ескеру қажет.
Ә.Құсайыновтың пікірінше, экологиялық саясатты жаңарту және экологиялық дамуға жоспарлы түрде көшуде азаматтық қоғамның рөліне ерекше көңіл бөлу қажет.
Сондай-ақ Ә.Құсайыновтың сайлауалды бағдарламасында өнеркәсіптік қауіпсіздік принциптерін бұлжытпай сақтау және техникалық регламенттерді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Өсімнің көзі экономиканы экологиялық таза, қалдығы аз технологияларға айналдыру, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау және біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру дәрежесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болуы тиіс, бұл қоғамның өмір сапасын және әл-ауқатын арттыратын жол болмақ.
Экологиялық тепе-теңдік пен өнеркәсіп қауіпсіздігін сақтау идеясын таратуда бұқаралық қоғамдық ұйымдар және кәсіби институттар ерекше рөл атқаруы тиіс.
Мұндай институттарды орталықта да, аймақтарда да дамыту экологиялық дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңартудың жіті міндеттерін жүзеге асыруға және сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға жәрдемдесетін болады.
Ә.Құсайыновтың сайлау алдындағы бвағдарламасында өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелеріне да елеулі орын берілген.,
Ә.Құсайынов өнімдер мен үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде кәсіпорындар қызметіне жүйелі қоғамдық бақылауды жақтайды.
Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенттігіне өзінің кандидатурасын 2015 жылғы 12 наурызда ұсынған болатын.
ОСК белгілеген барлық рәсімдерден ойдағыдай өтіп, ол 2015 жылғы 18 наурызда үшінші болып Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Кандидат Ә.Құсайыновты қолдап, 132 мың 152 сайлаушының шынайы қолдары жиналды.