САЙЛАУ-2015: Астаналықтар сайлау учаскесін СМС-сервис арқылы анықтай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, елорда әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Сайлау учаскесі туралы ақпарат іздеу» интерактивті СМС-қызметін іске қосты. Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарлады.
Бұл қызмет азаматтарға сайлау учаскесінің номері, мекенжайы, телефон және ғимараттың орналасқан жері көрсетілген сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін 414 номеріне [код сөзі] бос орын [азаматтың ЖСН] жазылған СМС-хабарлама жіберу керек.
Мәтіндік хабарлама мына нұсқада бола алады:
Мемлекеттік тілде ақпарат алу үшін «Сайлау ЖСН» немесе «Saylau ЖСН» сөзін теру керек (мысалы, Сайлау 123456789012);;
Орыс тілінде ақпарат алу үшін «Выборы ЖСН» немесе «Vibory ЖСН» теру керек (мысалы, Выборы 123456789012).
Хабарламамда айтылғандай, қызметті алған жағдайда пайдаланушы СМС-хабарламаның құнын ғана төлейді, ол 7 теңгені құрайды және абоненттің телефон бірліктерінің есебінен алынады.