САЙЛАУ-2015: Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматыда қала активімен, студенттермен және жұмысшылармен кездесті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматыда қала активімен, студент жастармен, Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмысшыларымен кездесті, сондай-ақ Ұлт Көшбасшысының мыңдаған жақтастарының форумына қатысты.
None
None

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, танымал қоғам қайраткерлері және басқалары бар.

Республика сарайына 3 мыңға тарта алматылықтар, Президенттің серіктері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдері кезекті рет Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің қолдауын білдірді.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш үкімет төрағасы Сергей Терещенко активте Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері екенін атап көрсетті, 24 жылдың ішінде ол елде жан басына шаққанда ІЖӨ үлесін 30 еседен астамға арттыра білді.

Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов Елбасы Қазақстанды әлемдік аренада ірі де салмақты халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі дәрежесіне жеткізгенін атап өтті.

«Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты сіңірген еңбегі оның көпұлтты және көпконфесссиялы қазақстандық халықты біріктіріп, соңынан ерте білгені, оларды топтастырып, гүлденуге жеткізгені екенін мәлім етті.

Председатель Ассоциации финансистов Казахстана Серик Аханов назвал Нурсултана Назарбаева главным архитектором отечественной финансово-экономической системы, добавив при этом, что она является сегодня одной из самых крепких в мире на и выдерживает тяжелейшие глобальные кризисы.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Серік Аханов Нұрсұлтан Назарбаевты отандық қаржы-экономикалық жүйесінің бас сәулетшісі деп атады және ол бүгінде әлемдегі ең берік қаржы жүйесі екенін және күрделі жаһандық дағдарыстарға төтеп беріп отырғанын қосты.

«Белкамит» АҚ бас директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа өнеркәсіпке қолдауы үшін алғысын білдірді. «Біздің Елбасымыздың өзі де өндірістік саладан шыққанының арқасында ол бізді басқалардан жақсы түсінеді және жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құрып, біздің дамуымызға көмектесіп келеді», - деп атап көрсетті Павел Беклемишев.

Активке Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман қатысты. Белгілі ғалым және педагог Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында әрбір қазақстандық ұлтына немесе шыққан тегіне қарамастан өмірде үлкен табыстарға жете алатынын атап өтті. Асылы Осман мұны біздің республикамыздағы демократия дамуы деңгейінің басты көрсеткіші деп санайды.

Нұрсұлтан Назарбаев туралы атақты Нұрғиса Тілендиевтің қызы өзінің жүрекжарды лебізін аса жылылықпен атап өтті. Белгілі және талантты дирижер Дінзухра Тілендиева Ұлт Көшбасшысына мәдениет пен өнер саласына әкелік қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді.

Түстен кейін Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

Студенттер алдында сөз алған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова «бүкіл әлем тұрақсыздықты бастан кешіп жатқанда Қазақстан бұрын-соңды болмаған «Нұрлы жол» бағдарламасын және сонымен бірге «Мәңгілік Ел» рухани-адамгершіл ұлттық идеяны жүзеге асыра отырып, өзінің әлеуетін арттыра түсуде» деп атап өтті. Мұның барлығы біздің қоғамның мақтанышын, топтаса түсу және заманымыздың танылған саяси көшбасшысы біздің Елбасымен бірге болашаққа деген сенімін туғызады.

РҚШ мүшелері сондай-ақ Алматы көпір құрастырмалары зауытының жұмыскерлерімен де кездесті. Онда 700-ден астам адам еңбек етуде. Аталған зауытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысына қажетті жоғары сапалы темірбетон өнімдері шығарылады. Зауыт директоры Ахметжан Шардинов кездесу барысында: «Біздің Көшбасшымыз әрқашан да халықпен бірге, және бізді жұмысшыларды қашанда қолдап келеді. Бүгін енді бізге Президентімізді қолдау қажет. Қазақстанның барлық жұмысшылары сайлауда біздің ортақ Көшбасшымыз, Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретініне сенімдімін», - деп атап өтті. Зауыт жұмысшылары өз кезегінде еңбек адамына құрмет пен ізет көрсетілетіні үшін Н.Назарбаевқа алғыс білдірді. АКҚЗ краншысы Елена Новикованың айтуынша, зауыт жұмысшылары жуырда Елбасының атына ұжымдық хат жолдап, оған президенттік сайлауға қатысу жөнінде өтініш білдірген. Үндеу Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткенін естігенде адамдар қатты қуанды. «Біздің жұмысшылар істеген әрекетімен мақтанады және Елбасының жеңіске жететініне күмән келтірмейді», - деді Елена Новикова. Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің Алматыға жұмыс сапарының алғашқы күні Елбасы жақтастарының форумымен аяқталды. Оған 5000-ға жуық адам қатысты. Форумда «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының мүшелері Қуаныш Сұлтанов пен Светлана Романовская, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, 2000 жылғы Сиднейдегі Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов және Turkvision-2014 жеңімпазы Жанар Дұғалова сөз сөйледі. Алматылықтардың мәлімдеуінше, Қазақстанға күшті Президент қажет. Сондықтан олар Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береді.

Соңғы жаңалықтар