САЙЛАУ-2015: Қазақстанда сайлау үдерісі үйлесімді әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр - саясаттанушы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына қатысты сайлау үдерісі үйлесімді әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне белгілі қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев мәлімдеді.
«Жалпы сайлау үдерісі жақсы ұйымдастырылған. Заңнама талаптары мұқият орындалуда. Бастапқыда бірқатар жекелеген техникалық мәселелер орын алғаны белгілі. Бірақ, оларды болдырмау үшін штабтар тиімді жұмыс істеуде. Сондықтан да сайлау үдерісі үйлесімді әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Кемшіліктер түзетіліп, ұсыныстар ескерілді. Науқан барысында әзірге заң бұзушылықтар тіркелген жоқ» - деді саясаттанушы.
Сонымен қатар, Данияр Әшімбаев сайлау алды науқанының жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын атап өтті. Соның арқасында еліміздің барлық өңірлері бойынша сайлаушылар кең көлемде қамтылды.