Сайлау - 2015: Қазақстанның футбол қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін өтіп жатқан Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясында футбол қауымдастығының қазақстандықтарға бағытталған үндеуі қабылданды.
None
None

«Бүгінде елімізде 700 мыңнан астам адам, оның ішінде 386 мың бала тұрақты түрде футболмен айналысады, - деп айтылған үндеуде. - Төрт миллионнан астам адам бос уақытын спортқа арнайды, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Қазақстанда футбол инфрақұрылымы салынып, футбол алаңдары ашылды. Стадиондар мен спорттық-сауықтыру кешендері салынуда».

Конференцияға қатысушылар еліміздегі спорттың дамуын Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және қызметімен байланыстырады.

«Ол әрқашан салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спортпен шұғылдануға шақырады және үлгі етеді», - дейді конференцияға қатысушылар.

Қазақстанның футбол қауымдастығы футбол мен спортқа бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды 2015 жылдың 26 сәуір күні өтетін президенттік сайлауға келіп, өз дауыстарын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа беруге шақырады. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайлау қорының есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Аксютиц А.В. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевтың жазбаша келісімін алмаған тұлғаларға бұл материалды сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге байланысты пайдалануға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар