Сайлау-2015: Сайлауларды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық Комиссияның жұмысына оң баға беремін - Ж. Сүлеев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Белгілі web-баспагер және журналист Жәнібек Сүлеев ҚазАқпарат тілшісіне сайлауларды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық Комиссияның жұмысына қатысты пікірін білдірді.
«Нұрлан Ерімбетов басқаратын аталған Комиссияның жұмысына оң баға беремін. Олар бүкіл бір, нағыз білікті бақылаушылар тобын даярлады. Әрине, оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, кез-келген сайлау нуқаны, қанша жерден тиянақты ұйымдастырылса да қандай да бір қайшылықтарсыз өтпейді. Ал ағымдағы сайлау науқанының бір ерекшелігі сол, мұнда заң бұзушылықтардың орын алуына ешкім де мүдделі емес. Өйткені, одан келіп кетер пайда жоқ», - деді Ж. Сүлеев. Оның айтуынша, қоғамдық Комиссия заң бұзушылықтарды тіркеу үшін емес, оларды болдырмау мақсатында құрылған. «Комиссия жасанды заң бұзушылық әрекеттер ойластырып, соның негізінде саяси арандатушылық жасағысы келетіндер болса, олардың жолын кеседі деген үміттемін», - деді журналист.