Сайлау-2019: Әміржан Қосанов еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған кандидат Әміржан Қосановтың республикалық штабының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласына келді.

Сайлау-2019: Әміржан Қосанов еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарымен кездесті

Онда ҚР президенттігіне кандидат жергілікті тұрғындармен кездесті.

Штаб өкілдері батыр Баян мен Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне барды.

Тұрғындармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасының басым бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ ол солтүстік өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді.
null