Сайлау-2019: Маңғыстаулық 3 мыңнан астам мұнайшы дауыс берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда өтіп жатқан ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Маңғыстау облысындағы ірі мұнай компанияларының бірінде ауысыммен жұмыс істейтін 3 мыңнан астам мұнайшы дауыс берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кен орнындағыларға 2 сайлау учаскесі таңғы 7-ден жұмыс істей бастады. Мұнда сайлаушыларға дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, дауыс беруді үйлестіріп отырған арнайы штаб та өз жұмысын жүзеге асырды. Сайлау комиссиясындағылар, бүгінгі саяси науқанға мұнайшылардың белсенді қатысып жатқандығын айтты.

Сайлауға өз үлестерін қосып, өз таңдауларын жасаған мұнайшылар елдің болашағы нұрлы болатынына кәміл сенеді.

«2019 жылғы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қызметкерлер өз еркімен дауыс беріп жатыр. Биыл мен жеке басым сайлауға 1-ші рет қатысудамын. Тек еліміз аман болып, мемлекетіміздің алдағы уақытта көркеюіне тілектеспін»,-дейді мұнайшы Мұхамед Дүзелбаев.

Соңғы жаңалықтар