Сайлау-2019: Өскеменде жастар форумы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскеменде «Ел болашағы - біздің қолымызда» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға өңірдегі қоғамдық және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Жас белсенділер сайлауға қатысу қажеттігін атап өтті.
«Жастар - ел болашағы. Біз сайлауға баруымыз керек. Өйткені еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты. Сайлауға қатысу - әрбір азаматтың парызы», - деді ШҚО бойынша «Жаңғыру жолы» жастар штабының жетекшісі Равиль Юнусов.
Форумға қатысушылар кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылай келе, болашақта жастарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылардың барлығы сайлауға үн қосып, дауыс беруге дайын екенін айтты.