Сайлау-2019: Сәдібек Түгел президенттікке үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәдібек Түгел тиісті құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлау-2019: Сәдібек Түгел президенттікке  үміткер ретінде құжаттарын тапсырды

2019 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің мына құжаттары ұсынылды:

1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі;

2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;

3. Өмірбаяндық мәліметтері;

4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;

5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғары білім туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.