Сайлау 2021: Айқын Қоңыров дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау 2021: Айқын Қоңыров дауыс берді

Қазақстанның Халық партиясының басшысы елордадағы 66 мектепте орналасқан 113 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні өтіп жатыр. Менің ойымша, әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын пайдаланғаны жөн. Және сол арқылы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады»,- деді Айқын Қоңыров.


Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.

Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.