Сайлау-2021: Қарағандының ең қарт тұрғындарының бірі дауыс берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 97 жастағы Бүркіт Есжанов Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау-2021: Қарағандының ең қарт тұрғындарының бірі дауыс берді

«Көгілдір тоғандар» шағын ауданындағы 77 ЖОББМ №169 сайлау учаскесіне ол таңғы сағат 7-де жұбайымен бірге келді.

Ардагердің айтуынша, учаске барлық қажетті заттармен жабдықталған, санитарлық талаптар сақталған және дауыс беру үшін ыңғайлы жағдай жасалған.

«Сайлау – біздің болашағымызға, халықтың өркендеуіне жол ашатын қадам. Сондықтан, өзіміз таңдаған партияға дауыс бердік. Мен сайлауға әйеліммен келдім. Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті ақсақал Бүркіт Есжанов.


Қарағанды облысындағы барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне және санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталды.