Сайлау-2021: Шетелде жүрген 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелде жүрген 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау-2021: Шетелде жүрген 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-ден 20-00-ге дейін өткізіледі. Сағат 19-00-дегі жағдай бойынша шетелде жалпы алғанда 4 532 Қазақстан азаматы дауыс берді. Түрлі уақыт белдеулерінде орналасуын ескере отырып, Жапония мен Корея Республикасында жүрген азаматтар бірінші болып дауыс берді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта 10 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Қалған 56 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.

«Соңғы болып осы жылдың 11 қаңтарында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 07-00-де Америка Құрама Штаттары мен Канадағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды», - деді Шахрат Нұрышев.