Сайлау-2022: халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды
«Орталық сайлау комиссиясына ҚР Президенті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет елдерден халықаралық байқаушыларды аккредиттеу еліміздің сыртқы істер министрлігінен келіп түседі. Сонымен қатар «Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредиттеу сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады. Яғни, бүгін сағат 18: 00-де біз аталған процедураны аяқтаймыз», - деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
ОСК басшысының айтуынша, бүгінге дейін халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесіне арналған бірнеше отырыс өтіп, тиісті құжаттар қабылданды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Орталық сайлау комиссиясы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан тіркелген 2 байқаушыны аккредиттеуді кері қайтарып алды.