Сайлау-2022: Қарақат Әбден Қызылорда облысына барды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына ат басын бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта 100-ден астам адам жұмылдырылған.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездеседі.

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Телевизиялық пікірсайыс 11 қарашада «Хабар» телеарнасының эфирінде өтеді


Соңғы жаңалықтар