Сайлау-2022: Мейрам Қажыкен Қаскелеңде мұғалімдермен кездесті

None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен – мұғалімдермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Мейрам Қажыкен мұғалімдерге өзі туралы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтты.

Кездесуде тұрғын үй, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақтарды дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері көтерілді.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркеді.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар