Сайлау-2022: Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысына барды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысының кәсіподақ өкілдері және қоғам қайраткерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Кездесуде үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып, әлеуметтік әріптестік институтын одан әрі дамытуды қамтитын азаматтық қоғам тақырыбына толығырақ тоқталды.

Тараптар республикалық және салалық кәсіподақтардың жәй-күйі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар зейнетақы аударымдары, жалақы, жұмысқа орналасу тақырыптары мен өңірдің мәселелерін талқылады.

Бұған дейін кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында бірқатар кездесу өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар