Сайлау-2022: Нұрлан Әуесбаев Ақкөл қаласына барды

None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақкөл қаласына сапармен барды. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақкөлде өткен кездесу барысында кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады.

Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақханаға барып, ондағы тұрғындармен кездескенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізгенін хабарлаған едік.

Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар