Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезінде 4 құқықбұзушылық анықталған – Бас прокуратура
«Уәкілетті органдар бойынша, прокуратура барлық нормалардың сақталуын бақылайды. Біз «Сайлау туралы» заңның бұзылуына жол бермегенімізді атап өткім келеді. Бірақ 4 бұзушылықты тіркедік: үгіт-насихат кезінде екі факт және интернет-ресурстарда екі бұзушылық анықталды», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Өз сөзінде Бас прокуратура өкілі заң бұзғандардың барлығы кінәсін толық мойындағанын және оларға айыппұл салынғанын айтты.
Соынмен бірге, Бас прокуратура басқармасының басшысы Азамат Серғазин төрт бұзушылық жөнінде түсіндірме берді.
«Президенттікке үміткерлердің үгіт материалдарына қасақана зиян келтіру бойынша екі факт анықталды. Мұнда кінәлілер ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тағы екі факт – ОСК-ға хабарламай, әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізу жөнінде», - деді А. Серғазин.
Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үндеу жасаған еді.