Сайлау барысында барлық талаптар сақталған - халықаралық байқаушы

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сайлау барысында барлық талаптар сақталған. Бұл туралы ТМД байқаушылары миссиясының өкілі Юлия Колондаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау барысында барлық талаптар сақталған - халықаралық байқаушы

Ресейдің Саратов облысынан келген Ю.Колондаева төрт сайлау учаскесінде болғандығын жеткізді.null

«Сайлау қалыпты жағдайда өтуде. Заңбұзушылықтар болған жоқ. Сайлаушылар үшін де, байқаушылар үшін де барлық жағдай жасалған. Мысалы, №410 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы құралдар бар. Сондай-ақ тұрғылықты жерінде дауыс бергісі келетіндерден сағат 12.00-ге дейін өтініш қабылданды. Сайлаушылар белсенді дауыс беруде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ю.Колондаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру қалыпты жүріп жатқанын, жас сайлаушының ел болашағы үшін өз таңдауын жасағанын жазған болатынбыз.