Сайлау Батыршаұлы Қазақстанның БҰҰ-дағы беделі туралы айтты

Дипломатия ардагері, профессор Сайлау Батыршаұлы Қазақстанның БҰҰ-дағы ықпалы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Kazinform

бұұ
Фото: Astana Public Talk

Бүгін Астанада өткен SöZ Astana Public Talk пікірталас алаңында Қазақстан дипломатия қызметінің ардагері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батыршаұлы Қазақстанның БҰҰ-дағы рөліне тоқталды. 

бұұ
Фото: Astana Public Talk

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бас директоры қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылданған кезде БҰҰ Қазақстанның экономикалық, әскери және стратегиялық әлеуетін жоғары бағалаған. 

Сайлау Батыршаұлы тағы бір маңызды фактор — әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай, Сингапур және басқа да көптеген халықаралық комиссиялардағы мол жұмыс тәжірибесі екенін атап өтті.

Спикердің айтуынша, БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бүкіл жұмысына жауапты болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегіне Бас хатшы Пан Ги Мун жоғары баға берген.

Соның арқасында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атану мүмкіндігіне ие болды.