Сайлау демократиялық стандарттарға барынша сай - Ерлан Сайыров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезектен тыс президенттік сайлау демократиялық стандарттарға барынша сай өтіп жатыр.

Сайлау демократиялық стандарттарға барынша сай - Ерлан Сайыров

Бұл пікірді саясаттанушы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таңғы 9 жарымда өз сайлау учаскеме барып, дауыс бердім. Менің ойымша, сайлаушылар өте белсенді, жастар да, зейнеткерлер де дауыс беріп жатыр. Сайлауда дауыс беруге бар жағдай жасалған. Мәселен, біз өзімізді тізімнен таппай, сайлау комиссиясы жанындағы арнайы ХҚКО-ға бардық. Олар техникалық ақауды жедел шешіп, дауыс беруімізге көмектесті. Сондай-ақ, біз саяси партиялар атынан келген байқаушыларды көрдік. Одан бөлек, тәуелсіз байқаушылар, халықаралық ұйым байқаушылары бар. Жалпы сайлау процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Билік оның ашық әрі әділ жүруі үшін бәрін жасады. Кандидаттар үшін БАҚ бірдей қолжетімді болды. Олар емін-еркін өңірлерді аралады», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, кандидаттардың өз пікірін еркін білдіретін негізгі алаңы - әлеуметтік желілер болды.

«Жалпы алғанда, сайлау белсенді әрі деморкратиялық стандарттарға барынша сай өтіп жатыр», - деді Ерлан Сайыров.