Сайлау ел заңнамасына сай өтуде - эстондық байқаушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау ел заңнамасына сай өтуде. Бұл туралы бүгін Татарстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Экзам Губайдуллин айтты.
«Таңертеңнен бері біз 10-нан астам сайлау учаскесінде болдық. Астана қаласында сайлау ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Біз болған учаскелердің барлығында да сайлау процесі Қазақстанның сайлау заңнамасына сай бұзушылықсыз өтуде», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол адамдардың сайлауға ұйымшылдықпен атсалысуы көңілдерінен шыққандығын атап өтті.
«Біздерге Астана қатты ұнады. Мен бұл қалаға алғаш рет келіп отырмын. Меніңше, ол әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Біз өз байқауымызды одан ары жалғастырамыз. Әзірше жалпы сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескертуіміз жоқ. Қазақстан халқына сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге тілектеспін», - деді А.Рахно.