Сайлау елімізді баянды болашақ жолына біріктіреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент сайлауы Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде ерекше оқиға болып, теңдессіз нәтижесімен тарихта қалуы керек. Өйткені, сайлаудан басталған ұсыныс-пікірлер кейіннен жаңадан сайланған Президенттің тұғырнамалық жоспарына айналып, түрлі салаларда реформа ретінде заңнамалық бекіп, келешекте нақты іс жүзіне асырылатынына халықтың сенімі мол.

Сайлау елімізді  баянды болашақ жолына біріктіреді

Әлбетте, реформалар Қазақстанда ширек ғасырдан бері үздіксіз жүргізіліп келе жатыр. Дегенмен, жаһандық сын-қатерлер және әлемде тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде Елбасының көрегендікпен, даналықпен билік тізгінін демократиялық жол арқылы халықтың құзырына, көпшіліктің таңдауына ұсынуы, шын мәнінде, тарихи шешім болды. Қазіргі барша қазақстандықтардың мұрат-мүддесі объективті түрде сол таңдауды жүзеге асырып, өзіндік таңдау жасау.

Бұл жердегі басшылыққа алатын ең өзекті мәселе - қоғам өміріндегі сабақтастықты сақтап, бұған дейінгі ел экономикасының даму үрдісін, әлеуметтік бірлік пен тұрақтылықты, жасампаздықты одан әрі жалғастыру реформасы. Бастаған Бұл Қазақстанның дамуын жаңа сапаға жетелейтіні де анық.

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтеріліп, кейіннен Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, саяси партиялар мен жекелеген саясаткерлер, сондай-ақ шетелдік сарапшылар тарапынан қызу қолдау жасалған сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің қажеттігі ең алдымен әлемдік экономикалық дағдарыспен, күрделі халықаралық жағдаймен байланысты.

Елбасы айтқандай, қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап дамыту, ел Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық. Алдағы биік белестер мен асқар асулар үшін біз барлық кедергілерді бағындырып, алға басуға тиіспіз. Сайлау елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсеріне сенемін. Қазақстандықтарды ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырамын.

Аталмыш процесс өмірдің сапалы сатысына көтерілудің, алда сайланатын президенттің алдында тұрған орасан зор жұмыстың алғышарты мен негізі болуы тиіс.

Бұл сайлау қазақстандықтардың мемлекеттік тұтастық, елдік қуат, жасампаздық әлеуетін әшкерелейтін және елдігімізді баяндайтын болады.

Фахриддин ҚАРАТАЕВ,

ҚР Парламент Мәжілісі депутаты.