Сайлау - елiмiздiң барша азаматтарының күш-жiгерiн жұмылдырады - ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясы көтерген кезектен тыс президенттiк сайлау өткiзу туралы бастамаға қатысты ресми мәлiмдеме жасады.

Сайлау - елiмiздiң барша азаматтарының күш-жiгерiн жұмылдырады - ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

Орталық коммуникациялар қызметiнде қауымдастық президентi Рахман Алшанов бiрқатар республикалық ЖОО ректорларымен бiрге аталмыш үндеудi жариялады.

"Елiмiздiң аккредитациядан өткен 77 оқу орнының басын бiрiктiрген ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылы мерзiмiнен бұрын президенттiк сайлауды өткiзу жөнiндегi бастамасын қолдайды. Бұл ұсыныс шешушi кезеңде бiздiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге баса назар аударып, мемлекеттiк стратегиялық бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыруға, жаңа мүмкiндiктерге жол ашады деп сенемiз", - делiнген мәлiмдемеде.

Қауымдастықтың хабарлауынша, сайлауды биыл өткiзу арқылы экономикалық тұрғыдан есептегенде сайлауға жұмсалатын бюджет қаржысын айтарлықтай үнемдеуге болады.

"Бүгiнгi таңда бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтықты, ынтымақ пен бiрлiктi нығайтудың қоғам мен мемлекеттiң, елiмiздiң барша азаматтарының күш-жiгерiн жұмылдыру жолында маңызы зор. Осыған байланысты, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдай отыра, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы кезектен тыс президенттiк сайлауды өткiзу бастамасын халық мүддесiне сай келетiн ең дұрыс шешiм деп санайды. Бұл - тәуелсiз елдiң болашағы үшiн жасалатын маңызды қадам", - дейдi Рахман Алшанов.