Сайлау халықтың өз қалауын жүзеге асыруы - Дулат Исабеков

АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Төңірегімдегі достарым мен жолдастарымның барлығы сайлауға барған дұрыс деген қағиданы ұстанып отыр",- деді ҚР Мемлекеттік сыйлығының, ПЕН-клубтың және тәуелсіз Тарлан сыйлықтарының лауреаты, жазушы- драматург Дулат Исабеков бүгін Алматыда өткен «Алматылықтар: болашақтың сайлауы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында.

Сайлау халықтың өз қалауын жүзеге асыруы  - Дулат Исабеков

«Сайлаудың қажеттілігі халықтың өз қалауын жүзеге асыру. Халық нені қалайды, кімді қалайды? Сайлаудың жалпы философиялық принципі осылай. Оған кейбіреулер бармаймыз деуде. Мен өз басым мұндай пікірге қарсымын. Әр азамат өз таңдауын білдіріп, кімді қолдайтынын, кімге қарсы екенін білдіруі керек», - деді жазушы.