Сайлау қарсаңында жеке куәлікті қысқа мерзімде алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Көші-қон полициясы ҚР азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті жедел рәсімдеу бойынша жұмысты қолға алды, деп жазады astana.gov.kz.

Сайлау қарсаңында жеке куәлікті қысқа мерзімде алуға болады

Аталмыш жұмыс Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысу бойынша еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында жүргізілуде.

Бүгін Астана қаласы ІІД «Алматы» аудандық ІІБ 18 тұрғынға салтанатты түрде жеке куәлік табыс етілді.

Астана қаласы Көші-қон полициясының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, жеке куәлік бір айдың ішінде рәсімделеді, алайда, қазіргі уақытта бұл уақыт барынша қысқартылып, азаматтықты анықтау бір айдан 7-15 күнге дейін қысқартылса, жеке куәлік дайындау жедел дайындау төлемінсіз бір аптада жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, құжаттарды рәсімдеу және беру демалыс күндері де жүргізіледі.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының басынан бері 16 жасқа толған және одан асқандар үшін 50 артық ҚР азаматтығы рәсімделген.

2015 жылдың бірінші тоқсанында көші-қон полициясының қызметкерлері 20 748 азаматқа жеке куәлік рәсімдеген.