Сайлау комиссияларының мүшелері Қашаған кен орнына барды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Сайлау комиссияларының мүшелері Қашаған кен орнына барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сайлау комиссияларының мүшелері Қашаған кен орнына барды

«Тікұшақ Қашаған теңіз кен орнынан Атырауға оралды. Онда таңертең Д жасанды аралына екі сайлау комиссиясының мүшелері дауыс беру жәшігін апарған болатын. Қазақстан Президентін сайлауға Каспий теңізіндегі кен орнында вахталық режимде жұмыс істеп жатқан 594 қазақстандық қатысты», - деп хабарлады НКОК компаниясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы Қашаған кен орнында тәуліктік мұнай өндіру қуаты 370 баррельге жеткен болатын.


Авторы. А.Соколов