Сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктіліктерін арттыруды жалғастыру керек - семинар

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауының нормативті-құқықтық актілері соңғы жылдары айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ.
None
None

Десек те біз сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін арттыру шарасын тоқтатпауымыз керек. Бұл ретте біз, әсіресе төменгі деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелеріне баса назар аударуымыз керек»,-дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Бұл туралы ол бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі мен сайлауға қатысушылардың құқықтық сауаттылығынан елімізде сайлау тәжірибесі қаншалықты талапқа сай екендігін байқауға болады. «Сол себепті елде өтетін семинарлар мен тренингтерге саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарын, байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қызығушылық танытқан мемлекеттік орандардың өкілдерін шақыру керек»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар