Сайлау комиссиясының өкілдері шалғайда орналасқан шекара заставаларына тікұшақпен, кемемен жетті - ҚР ҰҚК ШҚ (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар мен олардың отбасы мүшелері таңертең ерте басталған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауында белсенді дауыс берді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде дауыс беру белсенді әрі барлық қағидаларды қатаң сақтаумен өтуде. Бөлімшелерде сайлаудың ұйымдастыру-техникалық барысын орталық бағыныстағы бөлімдерде де шалғайдағы заставалар мен ҚО ҰҚК ШК Академиясында да арнайы топтар жүзеге асыруда.
Мемлекеттік шекара сақшылары 100 пайыз қатысуымен, дауыс есептеу жылдамдығымен ерекшеленді.
- Отанымыздың келешегіне бей-жай қарай алмаймыз, - деп атап өтті ҚР ҰҚК ШҚ жедел қызметтің әскери қызметшілері. - Біз Шекара қызметі сапында қызметімізді атқарып жүріп, Қазақстанның келешегі үшін дауыс бергенімізді мақтан тұтамыз.
Дауыс беру ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 58 сайлау учаскесінде өтті.
Шекарашылар тұрақты жауынгерлік кезекшіліктегі алыс орналасқан «Бөгет», «Үстірт», «Даля», «Құлалы» шекара заставаларында сайлауды ұйымдастыру үшін заңнаманы сақтай отырып, сайлау комиссиясының өкілдері орынға тікұшақпен, кемемен жетті. Сондай-ақ елдің келешегі үшін дауыс беруге Каспий теңізінің акваториясына Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттерді орындаған жеке құрам Ақтау портының жағалауына келді.
Теңіз шекарашылары «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының жақын маңдағы әскери бөлімінде дауыс берді. Ал солтүстік Каспийде кемелерде кезекшілік ететін теңізшілер Баутино кентінде дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін теңіз шекарашылары маңызды қызметін атқару үшін қайта теңізге кетті, кешке әр түпкірден барлық бюллетендер жинақталатын болады.