Сайлау қорытындысы бойынша екі партия Құрылтайға өткен жоқ
АСТАНА. KAZINFORM - Сайлау қорытындысы бойынша екі партия – Қазақстан Халық партиясы мен «Байтақ» партиясы Құрылтайға өте алмады.
Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 12 623 289 азамат бар. Сайлауға 9 351 539-дан астам адам қатысып, сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ын құрады.
Айта кетейік, референдуммен салыстырғанда бұл сайлауда дауыс бергендер саны 224 357 адамға көп болған.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің қорытынды нәтижелерін жариялаған болатын.