Сайлау қорытындысы бойынша Қырғызстан парламентіне алты партия өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасында жексенбі күні өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша, 6 партия парламенттің жаңа құрамына өту үшін қажетті дауыс жинады, Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы көш бастады, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

Сайлау қорытындысы бойынша Қырғызстан парламентіне алты партия өтетін болды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында 2,7 млн халықтың сайлауға 514 мыңы қатысқаны айтылған. Ақпаратқа сүйенсек, ОСК баспасөз қызметіндегі мониторларда ҚСДП - 26,8%, «Республика-Ата Жұрт» (21,12%), «Қырғызстан» (12,42%), «Онугуу-Прогресс» (9,1%), «Бир-Бул» (8,5%), «Ата-Мекен» (7,7%) дауыс жинағаны көрсетілді.