Сайлау қорытындысы халықтың ҚР Тұңғыш Президентіне деген шынайы құрметі мен сенімінің дәлелі болды - Қазақстан ғылыми жұртшылығының мәлімдемесі
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысы халықтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбавқа деген шынайы құрметі мен сенімінің тағы бір дәлелі болды.
Бұл туралы сайлау қорытындысына қолдау білдірген Қазақстан ғылыми жұртшылығының мәлімдемесінде айтылған.
Мәлімдеме мәтінінде аталып өтілгендей, Қазақстанның жетістіктері Мемлекет басшысының есімімен тығыз байланысты.
Ғылыми-техникалық саланы жетілдіру туралы Елбасының ойы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» жаңа Заңында көрініс тапқан.
Қазақстан ғалымдары Елбасының басшылығымен Қазақстан жаңа жеңістерге қол жеткізіп, әлемдік ғылыми жетістіктер қазынасынан лайықты орын алатынына сенім білдіреді.
Біз, бүкіл Қазақстанның ғылыми жұртшылығы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтай отырып, Отанымыздың болашағы үшін алдағы уақытта да Елбасы саясатын қолдауға дайын екендігімізді білдіреміз.
Қазақстанның ғылыми жұртшылығы атынан келген мәлімдемеге Мұрат Жұрынов, Салық Зиманов, Сейіт Қасқабасов, Сұлтан Сартаев, Меруерт Әбусейітова және Серік Қирабаев қол қойған.