20:06, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Сайлау күні елімізде 634 сәби дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін, 20 қараша - сайлау күні елімізде 634 кішкентай дүниеге келді.
Оның ішінде 6 егіз бар.
Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты.
Айта кетейік, еліміздің 15 өңірінде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.