Сайлау күні шымкенттік автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 9 маусым күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына дайындық іс-шаралары қыза түсті. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әрбір азамат сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосады. Елдің болашағын таңдау - әрбір азаматтың қолында.

Еске салсақ, қала тұрғындары қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында, ЖСН нөмірін жазу арқылы біле алады.

Айта кетерлігі, 9 маусым күні Шымкентте қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тегін тасымалдамақ. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар