Сайлау: Лингвистикалық комиссия Ж.Бәзілбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік тіл сынағын тапсырудан бас тартып, сайлауда өз кандидатурасын алып тастаған Жақсыбай Бәзілбаевқа қатысты лингвистикалық комиссия өз түсініктемесін берді.

Сайлау: Лингвистикалық комиссия Ж.Бәзілбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

«Бәзілбаев Жақсыбай бұрын да қатысқан. Бүгін Лингвистикалық комиссияның алдына емтихан тапсыруға келген ол кандидатурасын алып тастау туралы өтініш беретінін, бірақ саяси мәлімдеме жасайтынын айтты. Лингвистикалық комиссия емтиханды бастайын десе, ол мәлімдеме жасауға келдім дейді. Содан кейін біздің төраға (Лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков - агенттік) «лингвистикалық комиссия саяси мәлімдеме жасайтын орын емес, біздің міндетіміз - канидаттың қазақ тілді қаншалықты меңгергенін анықтау», деп түсіндірді. Бірақ кандидат Ж.Бәзілбаев мәлімдеме жасауға келгенін, емтихан тапсырмайтынын айтқан соң, лингвистикалық комиссия жұмысын аяқтады», - деп атап өтті комиссия мүшесі Сейіт Қасқабасов.

«Бұл Жақсыбай Бәзілбаев ойын айтатын брифинг емес, баспасөз мәслихаты емес, бұл - лингвистикалық комиссияның отырысы. Біздің міндетіміз - әр адамның мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін, қай дәрежеде меңгергенін, Конституцияға сәйкес толық меңгергенін анықтау. Ал саяси мәселелерге араласпаймыз», - деді ол.