Сайлау туралы заңда интернет-мемге қатысты түсініктеме жоқ - заңгер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Заңгерлер - әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі қолданыстағы заңнамада сайлау кезінде интернет мемдер таралуын реттеу мәселесі қарастырылмағанын айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау туралы заңда интернет-мемге қатысты түсініктеме жоқ - заңгер

Заң ғылымдарының докторы, Марат Қоғамовтың айтуынша, Сайлау туралы заңның «Сайлау алдындағы үгіт» деп аталатын 27-бабында интернет-мемдерге қатысты түсініктемелер жоқ.

«Егер интернет-мем телекоммуникация желілері арқылы таралып, қорлау немесе жала жабу сипатында болса, авторларын, таратқан БАҚ-тың меншік иесін кандидаттар Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша жауапқа тарта алады. Мұндай ақпараттардың таралуы көбінесе интернет-БАҚ-қа қатысты. Интернет-БАҚ-тың аталмыш әрекетке жол бергені дәлелденсе, жұмысы сот шешімі бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін», - деді заңгер.