Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталып жатыр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі – Мемлекет басшысы

«Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасты деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент қазір біз кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

«Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді. Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады», - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент аудан әкімдерінің тікелей сайлау 2024 жылы өткізу керек деп санайтынын айтты.