Сайлау учаскелері жақсы жұмыс істеп жатыр - Ұлықбек Есдәулет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сайлау учаскелері жақсы жұмыс істеп жатыр. Мұндай пікірді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау учаскелері жақсы жұмыс істеп жатыр - Ұлықбек Есдәулет

Оның сөзінше, сайлау әдеттегідей жоғары дәрежеде өтіп жатыр.

« Сайлау ашық және әділ өтіп жатыр деп ойлаймын. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әсіресе дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты қиындықтар ескерілген. Барлық партиялар жоғары саяси белсенділік танытып, кездесулерді онлайн режимінде де, оффлайн режимінде де өткізді. Мүмкін мұны қазіргі сайлаудың ерекшелігі деп айтуға болатын шығар», - деді Ұлықбек Есдәулет.

Сонымен қатар, ол барлық партияға бірдей мүмкіндіктер берілгенін баса айтты.

«Сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру біздің азаматтық парызымыз деп санаймын, өйткені бізге таңдау құқығы берілген. Біздің берген даусымыз, елдің болашағы үшін қажет. Сондықтан сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Біз, Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, сайлау науқанының барысын мұқият бақылап отырдық, өйткені саяси және азаматтық белсенділік өте маңызды деп санаймыз. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған «, - деп қосты Ұлықбек Есдәулет.