Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталуы тиіс - комитет

АСТАНА. ҚазАқпарат – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайлау күні қарсаңында жұқпалы аурулардан қорғану шараларын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында мынадай алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:

- бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен үй-жайдың толымдылығын ескере отырып, олардың топталып жиналуына жол бермей, сайлау процесіне қатысушылардың ағынын реттеу;

- желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі немесе дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы үй-жайды тұрақты желдету;

- дауыс беру басталар алдында және қажет болған жағдайда күні бойы жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды және барлық жұмыс орындарын дезинфекциялау арқылы ылғалды жинау жүргізу.

Айта кетсек, 19 наурыз күні елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова дауыс берушілерге масқа тағу ұсынылатынын айтқан еді.
Соңғы жаңалықтар