Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі ашық өтіп жатыр, барлығы қамтылған - АҚШ экс-конгресмені С.Стокман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлау барысында мені сайлау учаскелеріндегі ұзын-сонар кезек таңғалдырды. Бүгін елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауына орай өткен баспасөз мәслихатында АҚШ байқаушылар миссиясының өкілі, экс-конгрессмен Стивен Стокман осылай мәлімдеді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі ашық өтіп жатыр, барлығы қамтылған - АҚШ экс-конгресмені С.Стокман

«Бүгін Астанадағы бірқатар сайлау учаскелерін араладым, сайлау үдерісін байқап көрдім. Маған бұл аса қызық әсер қалдырды. Мен Украинадағы сайлауда екі мәрте, сосын АҚШ-та байқаушы болып көргенмін. Ал қазақстанда таңғалғаным, мұнда учаскелерде ұзын-сонар кезек. Сайлау күні бәрі керемет ұйымдастырылды. Бұл күні жұрт демалып, сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге жағдайлар жасалған», - деді Стивен Стокман журналистермен өткен брифингте.

Оның айтуынша, АҚШ байқаушылар миссиясының сайлау учаскелеріне толық қолжетімділігі қамтылған. Байқаушылар өздері алдын-ала ескертпестен бірқатар сайлау учаскелерін аралап, қойған сұрақтарына нақты жауап алған екен. «Жалпы алғанда сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі ашық өтуде, барлығы қамтылған», - деді ол.