Сайлау заңға сәйкес өтті - Тәуелсіз байқаушылар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сайлау күні 3643 байқаушы жұмыс істесе, соның 190-ы – шеттен келгендер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ СҚО филиалы төрағасы Жанат Мұхаметжановтың айтуынша, бірлестіктің байқаушылары сайлау учаскелері ашылған сәтінен бастап жабылғанша жұмыс істеді. Олар өңірдегі 640 учаскенің 628-ін қамтыды, саяси науқанның өту барысын байқады.

«Біздің байқаушылар ешбір заңбұзушылық тіркеген жоқ. Халық өз еркімен келіп, таңдау жасады. Халық бұл күнді мереке ретінде сезініп, жақсы көңіл күймен қабылдады. Әр сайлау учаскесінде шағын жәрмеңке, буфет ұйымдастырылған екен. Жалпы сайлау заңға сәйкес өтті. Біз негізі тәуелсіз байқаушылармыз. Бұл күні 3 ауысым бойынша жұмыс істедік», - деді Жанат Мұхаметжанов.

СҚО-да сайлаудың әділ өтуін 3 643 байқаушы бақылады. Олардың 190-ы – халықаралық байқаушы. Сондай-ақ 2 мыңы - партиялық емес ұйымдардың атынан тіркелген. Олар дауыс беру аяқталғаннан кейін бюлетеньдерді санауға қатысты.

«Сайлаудың қалай өтіп жатқанын, талаптар сақталды ма, сайлаушылардың құқығы бұзылған жоқ па соны бақыладық. Біз ешқандай кемшіліктер көрген жоқпыз. Сайлау учаскелерінде үгіт материалдары болған жоқ», - деді байқаушы Бейбіт Әбілев.

Жалпы СҚО-да 640 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тізім бойынша 386 мың сайлаушы болды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының азаматтардың келуі туралы алдын ала ақпары бойынша өңір тұрғындарының 79,01 % дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар