Сайлау заңнамаларының барлығын қарадық, заңбұзушылық анықталған жоқ - ТМД байқаушылары
«Біздің сарапшылар сайлау процесін реттейтін барлық заңнаманы қарады, ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. Біз заңнамалық қорытындыны Парламенттің екі палатасы мен Орталық сайлау комиссиясына алдын ала жібердік. Сайлауды реттеуге қатысты барлық талап пен ереже заң аясында нақтыланған. Біздің байқаушылар Қазақстан аумағында және 13 елдің сайлау учаскесіндегі жағдайды соңына дейін бақылайды. Қорытынды бейтарап түрде шығарылады. Біз оның нәтижесін орталық сайлау комиссиясының отырысында жариялаймыз», - деді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушы Дмитрий Кобицкий.
Бүгінгі сайлау барысын ТМД парламентаралық ассамблея тарапынан 67 байқаушы қадағалап жатыр.
«Оның ішінде 15 байқаушы Қазақстанда жұмыс істеуде. Қалғаны шетелдегі сайлау учаскелерінде жағдайды бақылап жатыр», - деді ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушы Дилрабо Мансури.