Сайлау жеті жылдың ғана тағдырын шешпейді - Смағұл Елубай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының №301 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Смағұл Елубайдың айтуынша, бүгінгі сайлау ел тағдыры үшін өте маңызды.

«Бүгін біз Қазақстанды жеті жыл басқаратын президентті өз қолымызбен сайлап жатырмыз. Бұл шынтуайтына келгенде, тек қана келесі жеті жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін», - деді жазушы.

Еске салайық, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар