Сайлау - жетiстiктерiмiздi одан әрi баянды етуге бағытталған қадам - М. Әбенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау - жетiстiктерiмiздi одан әрi баянды етуге бағытталған қадам. Бүгiн Астанада "Аманат" зияткерлiк пiкiрсайыс клубының отырысында "Өрлеу" қоғамдық ұйымының директорлар кеңесiнiң төрағасы Мұрат Әбенов осындай пiкiр бiлдiрдi.

Сайлау - жетiстiктерiмiздi одан әрi баянды етуге бағытталған қадам - М. Әбенов

"Бiз үлкен таңдаудың алдында тұрмыз. Осы жетiстiкпен қалайық, ары қарай өзгерiс жасамайық дейтiн болсақ, ескi нәрсе өзгермей қалуы ықтимал. Ал егер бiз өркендi даму жолын таңдайтын болсақ, бүкiл әлем бiр-бiрiмен бәсекелес болып жатқанда, осындай тығырықтан шығып кетемiз дейтiн болсақ, онда тез арада сайлауды өткiзiп, ары қарай бiрге жұмылып, үлкен шаруаларды атқаруымыз керек", - дейдi М. Әбенов.

Оның сөзiне қарағанда, сайлау - Қазақстан халқын жаңа экономикалық бастамаларға жұмылдыру үшiн қажет.

"Әлемде болып жатқан геосаяси тартыстар, экономикалық дағдарыс уақытша емес, ол ұзаққа созылатынын бiлемiз. Бұрынғы талаппен және қарқынмен жүретiн болсақ, бәсекелестіктен де, үлкен жетiстiктерден де қалып қоямыз. Экономикалық және саяси тұрақтылығымызды баянды ете түсуiмiз шарт", - деп атап өттi ол.

Еске сала кетсек, 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы елде кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу жөнiнде ұсыныс тастаған болатын. Бүгiнде ел Парламентi және саяси қайраткерлер мен партиялар бұл бастаманы қолдап отыр.